Қазақстан мен Сербияның халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы Белградта талқыланды
Конституция

Қазақстан мен Сербияның халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы Белградта талқыланды

04.07.2026 05:52:58 293

Белград, 2026 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылап, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволардың көпжақты форматтағы өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасты.

Елші М.Атамқұлов серб әріптестеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын дәстүрлі түрде қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Д.Йович ресми Белградтың Қазақстан Республикасымен серіктестікті одан әрі тереңдету бағытына бейілділігін растады.

Кездесу қорытындысында тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және халықаралық аренадағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін тағы да растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1242017?lang=ru