📢 Салық төлеушінің орналасқан жері дегеніміз не?
Конституция

📢 Салық төлеушінің орналасқан жері дегеніміз не?

05.07.2026 16:53:52 208

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушінің орналасқан жері салықтық әкімшілендірудің маңызды элементі екенін түсіндіреді. Себебі дәл осы орналасқан жері бойынша салықтық тіркеу жүргізіледі, хабарламалар жіберіледі, өтініштер қаралады және мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті айқындалады.

ҚР Салық кодексінің 11-бабына сәйкес салық төлеушінің орналасқан жері салық төлеушінің санатына байланысты айқындалады.

👤 Жеке тұлғалар үшін орналасқан жері – ҚР көші-қон заңнамасына сәйкес азаматтың тіркелген жері болып табылады.

🌍 ҚР тыс жерде тұратын, бірақ Қазақстанда тіркеуі жоқ ҚР азаматтары үшін орналасқан жері – Қазақстан аумағындағы соңғы тіркелген жері болып есептеледі.

💼 Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген қызметті жүзеге асыратын басым орын.

🏢 Резидент-заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері үшін орналасқан жері – БСН ұлттық тізіліміне енгізілген тұрақты басқару органының мекенжайы болып табылады.

🌐 Шетелдік заңды тұлғалар үшін, егер олар Қазақстанда құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызмет атқарса, орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген Қазақстан Республикасындағы қызмет орны.

📍 Шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, бірақ нақты басқару органы Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар үшін орналасқан жері – салықтық тіркеу кезінде көрсетілген және басқару органының шешімімен расталған нақты басқару органының орналасқан жері.

🛂 Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін орналасқан жері – мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетілген уақытша тұратын жері.

📄 Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрмаса, бірақ Қазақстаннан табыс алса және ол салық агенті болып табылмайтын тұлға арқылы төленсе, орналасқан жері – сол табысты төлейтін тұлғаның тұратын немесе орналасқан жері болып есептеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1243906?lang=ru