📢 Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді азайту мақсатында 2023–2025 жылдар кезеңі бойынша ықтимал алшақтықтар анықталған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеуші кабинеті арқылы Push-хабарламалар жолдады.
05.07.2026 17:04:40 259
🔍 Анықталған тәуекелдер келесі бағыттарды қамтиды:
▪️ Бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын табыс салығын төмендету және (немесе) төлеуден босатуды заңсыз қолдану;
▪️ Халықаралық шарттардың ережелерін салық салудан босату немесе төмендетілген мөлшерлемені қолдану бөлігінде заңсыз пайдалану;
▪️ Бейрезиденттерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы сомасын төмендету және (немесе) есептемеу;
▪️ Қосылған құн салығы бойынша декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер.
📄 Хабарламаларда ықтимал алшақтықтарды анықтау алгоритмдері мен мәліметтерді өз бетінше тексеру жөніндегі ұсынымдар берілген.
✅ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге деректерді салыстырып тексеріп, қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуді ұсынады.
⚠️ Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар автоматтандырылған тәртіппен қалыптастырылатын болады.
📌 Салық төлеуші кабинетіндегі хабарламаларды уақытылы тексеріп, қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1243912?lang=ru
