KazAID пен CSC International ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда
05.07.2026 19:34:11 346
Астана, 2026 жылғы 18 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының м.а. Ж. Асановтың Астана қаласына сапары аясында Civil Service College International (CSC International) атқарушы директоры К. Прагасаммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
KazAID пен CSC-тің бірлескен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн: 2024 жылы тараптар Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілері үшін мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласында бірлескен бағдарлама өткізген болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1244051?lang=ru
