📢 Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізді қалай тексеруге болады?

📢 Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізді қалай тексеруге болады?

11.07.2026 03:21:59 153

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді растау мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштердің көбеюіне байланысты, тіркеу деректерін онлайн режимде өз бетінше тексеруге болатынын еске саламыз.

✅ Ол үшін:

1️⃣ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына 🌐 portal.kgd.gov.kz кіріңіз;
2️⃣ «Сервистер» бөлімін ашыңыз;
3️⃣ «Салық төлеушілерді іздеу» сервисін таңдаңыз;
4️⃣ ЖСН енгізіп, тіркеу туралы мәліметтерді тексеріңіз.

🔍 Бұл сервис жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе тіркелмеу туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

📌 Мәліметтерді кәсіпкерлік қызметті бастар алдында, мәмілелер жасасу кезінде, сондай-ақ жеке кәсіпкер мәртебесіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тексеруді ұсынамыз.

💻 Тексеру тегін жүргізіледі және Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы тәулік бойы қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1245747?lang=ru