Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Департамент командасы жоғары нәтиже көрсетті
11.07.2026 09:24:37 178
🏆🏆🏆 2026 жылғы 19 маусымда Тараз қаласында «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада өтті;
🔹 Облыстық спартакиада спорттың тоғыз түрінен (кіші футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстөл теннис, жүзу, шахмат, қазақ күресі, кибер спорт және баскетбол) өтті. Спорттық іс – шараларға жалпы 20 құрама командалар қатысып, солардың ішінде Кірістер департаментінің командасы жалпы командалық – 3 ші орынды иеленді.
🔹 Спартакиадаға департаменттен жалпы 42 спортшылар қатысып, департамент қызметкерлері командалық спорт түрлерінен кіші футбол және баскетбол (ерлер) жарысынан жүлделі 2-ші орындарды иеленді.
Сонымен қатар, жекелей жарыс түрлерінен келесі қызметкерлеріміз жүлделі орындарға ие болды.
-Шахматтан ерлер арасында Сейлхан Бәшен Рахманұлы – 1-ші орын.
-Жүзуден ерлер арасында Умбетбаев Әбдікәрімсәти Ерланұлы – 1-ші орын.
-Жүзуден қыздар арасында Дуйсебаева Айжан Амангельдыевна – 2-ші орын.
-Қазақ күресінен 74 кг салмақта Сайлау Алдияр Миятбекұлы – 2-ші орын.
-Қазақ күресінен 100 кг салмақта Кенжебеков Ержан Сарсенбекович – 2-ші орын.
-Үстел теннисінен қыздар арасында Жанабаева Асель Бахытовна – 2-ші орын.
Департаменттің қызметкерлері тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын, белсенді әрі, өз ұжымының абыройын биік ұстайтын тұлға екенін дәлелдеді;
🔹 Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және командалық рухты нығайту.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1246396?lang=ru