KazAID ҚР Сауда және интеграция министрлігі үшін ДРК саласы бойынша дәріс өткізді
11.07.2026 16:07:30 175
2026 жылғы 24 маусымда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің басқарушы және атқарушы деңгейдегі өкілдері үшін «Халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы Қазақстанның рөлі» тақыбында дәріс өткізді.
Таныстыру іс-шарасы аясында дамуға ресми көмек (ДРК), донор-елдер мен серіктес-елдер, қазақстандық ДРК жүйесі және осы саладағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тетігі туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, KazAID өкілдері Агенттіктің басымдықтары мен қызметін таныстырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1247108?lang=ru