KazAID Еуразиядағы көші-қон процестері бойынша сарапшылық вебинар өткізді

KazAID Еуразиядағы көші-қон процестері бойынша сарапшылық вебинар өткізді

12.07.2026 02:41:17 218

2026 жылғы 25 маусымда «KazAID» КЕАҚ Kazakhstan Cooperation Programme (KCP) бағдарламасы аясында Еуразиядағы заманауи көші-қон процестеріне және Қазақстанның рөліне арналған вебинар өткізді. Шара Орталық Азия мен шетелдің мемлекеттік органдарының, эксперттік және академиялық ортасының өкілдерінің басын қосты.

Вебинар барысында көші-қон бағыттары, аймақтық интеграция және заманауи сын-қатерлер жағдайындағы мемлекеттердің өзара іс-қимылы қаралды. Еңбек көші-қоны мен өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вебинардағы басты спикер халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) ұлттық консультанты Лейла Деловарова болды. Ол қазіргі процестерге талдау жасап, босқындар, азаматтығы жоқ адамдар мәселелерін және тұрақты даму тақырыптарын қамтыды.

Өткізілген вебинар халықаралық аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды. Тыңдаушылардың негізгі бөлігін Қазақстан Республикасы (53,8%), Өзбекстан Республикасы (28,7%) және Қырғыз Республикасының (10%) өкілдері құрады. Сонымен қатар іс-шараға аймақтағы және шетелдік басқа да мемлекеттердің, соның ішінде Түрікменстан, Тәжікстан Республикасы, Ауғанстан, Венесуэла және Ресей өкілдері белсенді қатысты.

 

Онлайн-вебинарды сұрақ-жауап сессия аяқтады, қатысушыларға электронды сертификаттар берілді. KazAID KCP бағдарламасы аясында халықаралық сарапшылық диалогты және өңірлік іс-қимылды әрі қарай дамытуды жоспарлайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1248185?lang=ru