«Атамекен» ҰКП өкілі Зарина Болат ҚР Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды

«Атамекен» ҰКП өкілі Зарина Болат ҚР Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды

12.07.2026 07:11:12 246

Ағымдағы жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты еліміздің барлық аумағында «Халықтық бухгалтер» атты ауқымды республикалық акция өтіп жатыр.

Бұл шараға «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы» белсенді түрде қатысуда. Сертификатталған мамандар шағын және орта бизнес өкілдеріне жаңа салық заңнамасының нормаларын қолдану, бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілікті жасау және бейінді ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша тегін негізде кеңес береді.

Акция аясында ерекше белсенділік танытқан бухгалтерлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (МКД) салтанатты іс-шара өтіп, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің грамотасы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бухгалтері Зарина Болатқа табыс етілді. Марапат Павлодар облысының бизнесіне ақпараттық қолдау көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін берілді. Құттықтаймыз!

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1248672?lang=ru