Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс сапары

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс сапары

14.07.2026 14:15:36 295

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс сапары
Іссапар аясында Қосқол ауылдық округіне барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткіздім. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен міндеттер кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Заң және тәртіп» қағидаттары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің жоғары адамгершілік қағидаттарды ұстануы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызмет беделін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қоғамда құқықтық тәртіпті нығайту, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, олардың жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы да айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, заңнама талаптарын сақтау мен қызметтік әдеп қағидаларын қатаң ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп стандарттарын нығайту, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1254387?lang=ru