Тәжікстан Республикасында салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты берудің қолданыстағы тәртібі туралы

Тәжікстан Республикасында салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты берудің қолданыстағы тәртібі туралы

14.07.2026 18:32:00 174

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Тәжікстан Республикасында салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты беру тәртібі туралы хабарлайды.

       Тәжікстан Республикасының Қаржы министрлігі салықтық резидент мәртебесін растайтын құжатты беруге уәкілетті орган болып табылады.

       Рәсімдерді оңтайландыру және өтініш берушілер үшін қолайлылықты арттыру мақсатында құжат тек электрондық түрде Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы - https://emoliya.tj
(бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.

      Электрондық құжатты алу рәсімі Порталда тіркелген пайдаланушының бастамасымен жүзеге асырылады. Өтініш берілгеннен кейін құжат Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің белгіленген рәсімдеріне сәйкес қалыптастырылып, уәкілетті лауазымды адам бекітеді.

      Бекітілген құжат Тәжікстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми бланкісінде рәсімделеді, уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылып, Порталда орналастырылады.

      Құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін QR-код технологиясы пайдаланылады: оны сканерлеген кезде құжат пен оның деректемелері орналастырылған ресми сайттың тиісті бетіне белсенді сілтеме арқылы өту жүзеге асырылады. Аталған тетік құжаттың түпнұсқалығы мен өзектілігін нақты уақыт режимінде онлайн тексеруге мүмкіндік береді.

      Электрондық құжаттың түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеру оның ресми ресурста орналастырылған мерзімі ішінде, яғни 10 жыл бойы, қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1254821?lang=ru