Шығыс Қазақстан облысындағы Киін-Керіш шатқалында туристік аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Киін-Керіш шатқалында туристік аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды

15.07.2026 02:21:04 230

Шығыс Қазақстан облысының бірегей табиғи нысандарының бірі – Киін-Керіш шатқалындағы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды.

2026 жылғы 9 маусымда өткен мемлекеттік конкурс қорытындысы бойынша мердігер ұйым туристік бағыттаушы көрсеткіштер мен демалуға арналған беседкаларды дайындады. Орналастыру орындары келісілгеннен кейін 15 маусымда барлық нысандар орнатылып, 30 маусымда жұмыстар толық аяқталды.

Жүргізілген іс-шаралар Киін-Керішке келетін туристер үшін сапарды барынша жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1255650?lang=ru