«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР»

«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР»

15.07.2026 05:50:56 227

«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ҚАЛАМГЕР»

Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ардагер-ұстаз Иманбай Әйтімұлының 80 жас мерейтойына орай “Ұшқыр ойлы қаламгер” атты аудандық шара өткізілді. Шара мақсаты өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өнерін насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету, ел азаматтарын ұлықтау.

Кездесу кеші Иманбай Әйтімұлының өмірі мен еңбектерінен әзірленген бейнероликпен

басталып, аудан әкімінің орынбасары Н.Боқаевтың қаламгерге аудан әкімінің құттықтау хаты

мен сый-сияпатын табыстауға ұласты . Кездесу кешін аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы А.Сайлауов жүргізіп, кештің қадірлі қонағы Иманбай Әйтімұлымен өмір жолы және шығармашылығына байланысты сұхбат жүргізді. Кеш барасында ауыл өнерпаздары ән шашуларын тарту етті. Сонымен қатар шара аясында ұйымдастырылған мәдениет үйлері мен ауылдық клуб әдіскерлері арасында өткізілген аудандық байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқау нәтижесі бойынша Гүлназ Нұрбайқызы /Қамыстыбас ауылдық клубының әдіскері/- «Бас жүлде»/, Гульнара Сыдыққызы /Қарақұм ауылдық клубының әдіскері/- «І-орын», Райса Бейбітқызы/ Аманөткел мәдениет үйінің әдіскері/- «ІІ орын», Меруерт Құлназарқызы /Сазды ауылдық клубының әдіскері/- «ІІІ орын», Әйгерім Төребекқызы /Бөген ауылдық клубының әдіскері/ және Айгүл Ақниетқызы /Бекбауыл ауылдық клубының әдіскері/ - Иманбай Әйтімұлының «Арнайы жүлдесі» қалған қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен қаржылай жүлделер табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qaraqym/press/news/details/1256030?lang=ru