Волонтерлік қызмет – конституциялық деңгейде қорғалады

Волонтерлік қызмет – конституциялық деңгейде қорғалады

15.07.2026 10:49:06 273

Ұлттық волонтерлік желінің фронт-офисі басшысы Айбек Досымбетов пен сарапшы-аналитик Елена Амреева Ақтөбе облыстық волонтерлік фронт-офисіне арнайы барып, оның қызметімен танысты.

Кездесу барысында облыстық фронт-офистің негізгі жұмыс бағыттары, өңірдегі волонтерлік қозғалыстың даму барысы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар таныстырылды. Сондай-ақ өңір волонтерлерімен еркін форматта пікір алмасып, тәжірибе бөлісу алаңы ұйымдастырылды.

Биыл Ұлттық волонтерлік желі 2027–2030 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту тұжырымдамасына өңірлердің ұсыныстарын енгізу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде еріктілер қауымдастығымен кездесулер өткізуде.

Мұндай кездесулер волонтерлік қозғалыстың әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасуға, өңірлердің ұсыныстарын жүйелеуге және жаңа бастамалардың жүзеге асуына тың серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1256566?lang=ru