Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық МКД бейінді басқармаларының қатысуымен көшпелі семинарлар өткізді
15.07.2026 12:23:02 352
💠 10 шілдеде Тараз қаласында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық МКД бейінді басқармалары басшыларының қатысуымен көшпелі оқу семинарларді өткізді.
🔹 Бейінді аумақтық бөлімшелермен көшпелі оқыту семинарлары мен кеңестері жетекшілік ететін бағыттар, өңірлік практиканы зерделеу, проблемалық мәселелерді талдау және ЕАЭО елдерімен шекарадағы бақылау шаралары, экспорттық бақылау және ЗТ және ЖК салық берешегін өндіріп алудың жаңа тәсілдері сияқты мәселелер бойынша бірыңғай шешімдер әзірлеу сұрақтары бойынша өткізілді. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуге арналған.
🔹 Аталған семинарлар мен кеңестер нәтижелі және сындарлы түрде өтті. Өңірлердің жұмыс бағыттары бойынша ағымдағы жағдайлар, сондай-ақ жекелеген бағыттардың маңызды мәселелері айтылды, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері тарапынан барлық назар аударарлық бастамаларға қолдау көрсетілді
🔹 Салықтық әкімшілендіруде жаңа тәсілдерді іске асыру мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ыңғайлы және ашық жүйесін қалыптастыруға, салық саясатын сапалы іске асыруға бағытталған.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1256732?lang=ru