Mirai Tech стартапы ДЗМҰ Global Awards 2026 финалында Қазақстанның инновациялық әлеуетін танытты

Mirai Tech стартапы ДЗМҰ Global Awards 2026 финалында Қазақстанның инновациялық әлеуетін танытты

15.07.2026 12:36:24 292

Женева, 2026 жылғы 10 шілде – Қазақстандық Mirai Tech стартапы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ұйымдастырған беделді халықаралық WIPO Global Awards 2026 байқауының финалында Қазақстанды лайықты таныстырды.

2026 жылы конкурсқа 126 елден 1 300-ден астам өтінім берілді. Көп сатылы іріктеу қорытындысы бойынша Mirai Tech 33 финалист қатарына кіріп, ДЗМҰ халықаралық мойындауына ие болған аз санды жобалардың біріне айналды.

Қазақстандық стартап Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні 2026 жылғы тақырыбы – «Зияткерлік меншік және спорт» аясында арнайы «Спорт» санатында таныстырылды.

Компания батареясыз жаңашыл үстілерді әзірледі. Олар спортшылардың қозғалыстарын бақылап, жарақат алу қатерін бағалай алады. Бұл шешім спортшылардың қауіпсіздігін арттыру және олардың дене жай-күнін бақылау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Mirai Tech-тің WIPO Global Awards 2026 финалына шығуы өзі маңызды жетістік болып табылады және қазақстандық инновациялық экожүйенің өсіп келе жатқан әлеуетін растайды. ДЗМҰ байқауының финалына қатысу қазақстандық стартаптардың халықаралық деңгейде бәсекелесуге және зияткерлік меншікті тиімді пайдалануға негізделген технологиялық шешімдер ұсынуға қабілетті екенін дәлелдейді.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігі Mirai Tech командасын жоғары халықаралық мойындаумен құттықтайды және қазақстандық инновацияларды жаҺандық аренада ілгерілетуде одан әрі жетістіктер тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1256758?lang=ru