тест 12.07

тест 12.07

15.07.2026 13:42:19 347

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевпен бірге ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен салынып жатқан өндірістік алаңдарды аралады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық модельге көшу жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін энергетикалық, инженерлік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды кешенді дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл бағыт Үкімет жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Жұмыс сапары «Қазфосфат» ЖШС-не барудан басталды. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын 64,2 млрд теңге сомасына 246,1 мың тонна өнім өндірді. «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың айтуынша, кәсіпорын отандық агроөнеркәсіптік кешенді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Ресей, Беларусь, Түрікменстан, Литва, Латвия, Польша және басқа да елдердің нарықтарына экспорттайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1256879?lang=ru