ҚҚС: бұл не және оны кім төлейді?
15.07.2026 16:12:29 234
Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бюджетке төленетін салық, ол:
- тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және өткізу процесінде қалыптасатын салық салынатын айналым құнының бір бөлігінен;
- Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық салынатын импорт құнының бір бөлігінен алынады.
Салық салынатын айналым – ҚҚС төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша айналым.
Салық салынатын импорт – Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген, ҚҚС-тан босатылмаған және Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес декларациялануға жататын тауарлар.
ҚҚС төлеушілер:
- ҚҚС бойынша есепке ерікті немесе міндетті түрде тіркелген тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар (олар ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1257148?lang=ru