ТІЖҚ растау және ИСНА АЖ-дағы техникалық мәселелер

ТІЖҚ растау және ИСНА АЖ-дағы техникалық мәселелер

15.07.2026 23:29:49 315

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүгіністер санын азайту мақсатында салық төлеушілердің назарына келесіні жеткізеді.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - ҚР СК) 21-бабының 16) тармақшасына сәйкес - тауарларға ілеспе жүкқұжат (бұдан әрі - ТІЖҚ) бұл тауарлардың қозғалысын бақылау үшін, оның ішінде салық төлеушіге тауарлардың тиелгенін растайтын тауарға ілеспе құжат.
ҚР СК 179-бабының 3-тармағына сәйкес, ТІЖҚ-ны ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу нысандарын, тәртібін және олардың құжат айналымын уәкілетті орган айқындайды.
Атап айтқанда - «ТІЖҚ-ны ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың Тізбесін, сондай-ақ ТІЖҚ-ны ресімдеу нысандарын, Қағидаларын және олардың құжат айналымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығымен.
Жоғарыда аталған бұйрықтың 16-тармағына сәйкес, ТІЖҚ Салық кодексінің 179-бабына сәйкес жеткізуші (тауарларды импорттау кезінде - алушы) келесі мерзімдерде ұсынылады:
ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткенге дейін;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағына экспорттау кезінде – тауарларды тасымалдау, сату және (немесе) тиеу басталғанға дейін кешіктірмей;
ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асырған кезде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде.
ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау немесе Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағына автомобиль немесе әуе көлігімен тауарларды экспорттау кезінде мемлекеттік кірістер органының қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту фактісі ТІЖҚ-ға тиісті белгі қою арқылы расталады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағындағы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарадан өту фактісін растау туралы ТІЖҚ-да белгі болмаған жағдайда («Қарақоға», «Қызылжар», «Бидайық» және «Жаңа жол» өткізу пункттері) салық төлеушілерге «WhatsApp» мессенджері арқылы ТІЖҚ-ға белгі қою үшін ақпаратты тауардың шекарадан өткені туралы талонды және ТІЖҚ нөмірін міндетті түрде қоса бере отырып, 8-778-571-88-08 қызметтік нөміріне жіберуді ұсынамыз ,экспорттық бақылау бөлімінің телефоны 8 (7152) 46-21-98.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 283-1-бабымен ТІЖҚ тіркеу кезіндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1257790?lang=ru