Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?
16.07.2026 00:38:23 262
Сұрақ: Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?
Жауабы: Пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайды.
Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айырмаға есептеледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған жылжымайтын мүлік объектілері бойынша меншік құқығында бір жылдан астам болған жағдайда салық салудан босату қолданылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған объектілер бойынша салық салудан босату үшін ең төменгі меншік мерзімі – екі жылдан астам.
Егер көрсетілген меншік мерзімі сақталса, пәтерді сату кезінде (заңнамада көзделген өзге де негіздер болмаған жағдайда) жеке табыс салығы туындамайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1257913?lang=ru