Жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі
16.07.2026 03:43:02 197
Жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі
Жоғары оқу орнын сәтті аяқтаған түлектердің назарына!
Егер сіздің оқу үлгеріміңіз жоғары болып, GPA көрсеткішіңіз 3,33-тен жоғары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға мүмкіндігіңіз бар.
Аталған мүмкіндік жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.
Толық ақпарат алу үшін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қірістер департаментіне 8-716-2-72-11-87телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1258244?lang=ru