Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құқық қолдану тәжірибесі талқыланды
16.07.2026 04:07:25 175
2026 жылғы 13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары Е.К. Керімовтың төрағалығымен бейінді басқармалар, Тараз қаласының прокуратурасы және Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолдану тәжірибесі, оның ішінде 275-баптың 1-бөлігі бойынша салық салу объектілерін жасыру фактілері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша әкімшілік істерді қарау кезінде заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және салық тәртібін нығайтуға бағытталған ортақ ұстанымдар айқындалды.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1258290?lang=ru