Мұнайлыда жаңа автобустар халық игілігіне берілді Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында заманауи «Yutong» маркалы жаңа автобустар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметше, «Маңғыстау – Батыр – Маңғыстау» бағытына – 4 автобус. «Маңғыстау – Атамекен – Маңғыстау» бағытына – 4 автобус қатынайды. Жаңа автобустардың кілттерін салтанатты түрде Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов пен Мұнайлы аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Чапай Әбілов табыстады. Шара барысында аудан әкімі жаңа қоғамдық көліктердің тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталды. - Жаңа техникалар заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Олар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қозғалыс кестесінің тұрақтылығын жақсартып, тасымал сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

16.07.2026 05:03:45 189