Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы

16.07.2026 05:20:01 229

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық қағидаларын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік көзқарасты нығайту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары, оның алдын алу шаралары және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпараттандару мақсатында Меңдіқара аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық материалдармен (буклеттер, жадынамалар, инфографикалар және өзге де ақпараттық-түсіндіру материалдары) танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1258418?lang=ru