Павлодар облысының прокуратурасында мемлекеттік органдармен арадағы даулар бойынша сот практикасы талқыланды
16.07.2026 06:22:45 294
Павлодар облысы прокуратурасының алаңында мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне дауласу мәселелері бойынша сот практикасын талқылауға арналған жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) төрағасы Әділет Бахтияров, сондай-ақ прокуратура және мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар әкімшілік актілерді қабылдау кезінде жол берілетін бұзушылықтарға байланысты проблемалық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.
Талқылау барысында Павлодар облысы бойынша МКД Заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова Департамент сот дауларының санын азайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Әкімшілік актілерге дауласу санын барынша азайту мақсатында біз жүйелі негізде сот практикасына талдау жасап, қорытындылаймыз. Біздің заңгерлер соттардың мемлекеттік кірістер органдарының пайдасына шешім шығармауына себеп болуы мүмкін жалпы және ерекше мәселелерді анықтайды. Осы талдаудың нәтижелері бойынша салықтық және кедендік әкімшілендіру көрсеткіштерін жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді», – деді Әсем Дүйсембекова.
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік органдардың шешім қабылдауы кезінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ҚР ӘРПК) талаптарын қатаң сақтау қабылданатын актілердің заңдылығына тікелей әсер етеді деген ортақ пікірге келді.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сот шешімдеріне талдау жасау және әкімшілік рәсімдердің сапасын арттыру бойынша жұмыс ерекше бақылауда.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1258534?lang=ru