Мемлекеттік мұнай өнімдерінің шекара арқылы өткізілуін бақылауды күшейту

Мемлекеттік мұнай өнімдерінің шекара арқылы өткізілуін бақылауды күшейту

16.07.2026 06:22:49 291

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҰҚК Шеккара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерінің өткізілуіне бақылауды күшейтті. Бұл жұмыс ішкі нарықты қорғауға, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) заңсыз әкетілуіне жол бермеуге және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бақылау тәулік бойы режимде тікелей автомобиль өткізу пункттерінде де, сондай-ақ Павлодар облысының бүкіл аумағында мобильді топтардың күшімен де жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы жағдайға, соның ішінде автожанармай құю станцияларындағы (АЖҚС) жанармайдың сатылу көлеміне талдау жасау арқылы күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр.

Бұл тексеру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары аясында және елден мұнай өнімдерін әкетуге уақытша шектеулер енгізген ҚР Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» № 175-н/қ бұйрығын орындау мақсатында жүргізілуде:

- 2026 жылғы 21 қарашаға дейін автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады. Тек автокөліктердің зауыттық бактарындағы жанармай (тәулігіне бір реттен көп емес) және майлау майлары ғана ерекшелік болып табылады;

- 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиакеросинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын әкетуге тыйым салынды.

Күшейтілген шаралардың арқасында қазіргі уақытта облыстың автомобиль өткізу пункттерінде ЖЖМ әкетудің 100-ге жуық әрекетінің жолы кесілді.

Мамандар жалпы көлемі 4 мыңға жуық литр жанармайды ұстады, оның 1500 литрге жуығыбензин және 2500 литрден астамы – дизель отыны. Талдау көрсеткендей, шекарадағы құқық бұзушылықтарды негізінен жанармайды канистрлермен алып өтуге тырысатын жеңіл көлік мінген азаматтар жасайды.

Сондай-ақ, МКД қызметкерлері шекара маңындағы АЖҚС-тарға хронометраждық зерттеулер жүргізіп, оның барысында бензин мен дизель отынының сатылу көлеміне мониторинг жүргізеді. Шекара маңындағы аймақта барлығы 15 АЖҚС орналасқан.

Павлодар облысы бойынша МКД-да бақылау-тексеру іс-шаралары тәулік бойы күшейтілген режимде жалғасуда.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1258523?lang=ru