Жеке тұлғалардың банкроттығын тану

Жеке тұлғалардың банкроттығын тану

16.07.2026 06:22:54 306

Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi.
Банкроттық кредиторлардың немесе Оңалту және банкроттық туралы Заңымен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.
 Оңалту және банкроттық туралы Заңында белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi.
 Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы Оңалту және банкроттық туралы Заңында белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.
 Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.
 Борышкердің дәрменсіздігін сот Оңалту және банкроттық туралы Заңының 49-бабына сәйкес жасалған, қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны ескере отырып белгілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1258516?lang=ru