Сандық форматтағы бизнес: 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қандай тауарлар таңбаланады
16.07.2026 14:57:27 160
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда тауарлардың бірнеше ірі санатының айналым тәртібі өзгереді. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және отандық өндірушілерді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына (№ 199-НҚ) сәйкес, биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ), сондай-ақ бөтелкелерге құйылған сыра мен сыра сусындарына сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалау енгізілетіні туралы хабардар етеді. Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда өндірілетін немесе ел аумағына әкелінетін өнімдерге қолданылады.
Бұл ауқымды жоба өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұруға, адал бизнесті жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға және тұтынушыларды тексерілген әрі қауіпсіз тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Цифрлық код әрбір тауар бірлігінің өндірушіден немесе шекарадан бастап соңғы сатып алушыға дейінгі бүкіл жолын толық бақылауға мүмкіндік береді.
Арнайы қорғаныс кодтарымен мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
- ҚР немесе ЕАЭО-да мемлекеттік тіркеу туралы қолданыстағы куәлігі бар барлық ББҚ. Бұған мамандандырылған тамақ өнімдері мен концентраттар, сондай-ақ қоспалар ретінде тіркелген дәрумендер, минералдар қоспалары, шәрбаттар мен өсімдік сығындылары жатады.
- Бөтелкелергеқұйылған сыра және сыра сусындары.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мегаполистің бизнес-қоғамдастығын - импорттаушылардан бастап бөлшек сауда желілеріне дейін - жаңашылдықтарға алдын ала дайындалуға шақырады. Технологиялық процестерді уақытылы баптау өтпелі кезеңнен кедендік операциялар кезінде іркіліссіз өтуге және сауда қызметін тұрақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1258952?lang=ru