Кедендік декларацияны беру мерзімі
16.07.2026 15:45:24 212
Кедендік декларацияны беру мерзімі
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін не Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде белгіленген өзге мерзімде беріледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кедендік декларация, егер Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде өзгеше белгіленбесе, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткенге дейін беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1258991?lang=ru