Ротациялық төлемдерге салық салу туралы

Ротациялық төлемдерге салық салу туралы

16.07.2026 17:10:53 182

        «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41, 51 және 52-баптарының ережелеріне сәйкес қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде бекітілген қағидаларға сәйкес ротациялық төлемдер төленеді, сондай-ақ тұрғын үй төлемдері көзделген.

       Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 1-бабының 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес өтемақы төлемдері деп қызметкерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға байланысты жұмсаған шығындарының орнын толтыру бойынша ақшалай төлемдер жатады.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 432-бабының 10) тармақшасына сәйкес төлем көзінен салық салынуға жататын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін табысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін кірістер, оның ішінде өтемақылар сомасына азайту қолданылады.

     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 3.2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін ротациялық және тұрғын үй төлемдерінің сомасына жеке тұлғаның салық салынатын табысын азайтуды көздейтін тәсіл мақұлданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1259108?lang=ru