Қазақстан Елшісі Hyundae General Hospital басшылығымен бірлескен медициналық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады

Қазақстан Елшісі Hyundae General Hospital басшылығымен бірлескен медициналық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады

16.07.2026 19:17:00 531

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Hyundae General Hospital Президенті, доктор Ким Бу Собпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. Жоба озық кореялық медициналық технологияларды трансферттеуді, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи стандарттарын енгізуді көздейді.

Заманауи көпбейінді медициналық инфрақұрылым құру, мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне инновациялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Елші Қазақстанның Корея Республикасының озық тәжірибесін тартуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және екі ел арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медицина және денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілету бойынша жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1259243?lang=ru