МКК ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕРІ — АЗАМАТТАР МЕН БИЗНЕС ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ

МКК ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕРІ — АЗАМАТТАР МЕН БИЗНЕС ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ

17.07.2026 09:37:57 254

МКК порталында қажетті ақпаратты алуға және салық міндеттемелерін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ орындауға мүмкіндік беретін электрондық сервистер қолжетімді.

 

💻 Пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады:

* салық төлеушілер мен контрагенттерді тексеру;

* ҚҚС және салық берешегі туралы мәліметтерді алу;

* салықтар мен бюджетке төлемдерді онлайн төлеу;

* БКМ мен салық режимдерін тексеру;

* онлайн кезекті брондау;

* салықтар, өсімпұлдар және кедендік төлемдер бойынша калькуляторларды пайдалану;

* салық есептілігінің және өтініштердің өзекті нысандарын алу.

 

Сонымен қатар, портал арқылы кері байланыс қалдыруға және сервистерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге болады.

 

🔗 МКК порталы: http://portal.kgd.gov.kz

 

МКК-нің цифрлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз — жылдам, ыңғайлы және ашық!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1259338?lang=ru