«Жырлаймын туған елімді» – туған жерге тағзым!

«Жырлаймын туған елімді» – туған жерге тағзым!

17.07.2026 11:11:39 321

Бүгін Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған «Жырлаймын туған елімді» атты аудандық музыкалық-поэзиялық вернисаж жоғары деңгейде өтті.
Шараға ауданымыздың ауылдық округтері мен Тобыл кентінен келген өнерпаздар қатысып, туған жерге, елге, Отанға деген ыстық ықыласын жүрекжарды жырлармен жеткізді. Көрермен назарына авторлық шығармалармен қатар қазақ және орыс ақындарының туған өлкені арқау еткен туындылары ұсынылды.
Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалап, үздік орындаушылар марапатталды.
Осындай тағылымды кештің басты мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты және рухани құндылықтарды насихаттау болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259421?lang=ru