KazAID пен TİKA арасындағы кездесу
17.07.2026 13:01:34 223
17 шілде 2026 жылы, Астана қаласы - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының м.а. Ж.Асанов Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Үйлестірушісі Ф. Ердогмушпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 10-11 қыркүйекте Алматы қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен ынтымақтастық өтетін бірлескен іс-шараға, оның ішінде даму саласындағы жаңа серіктес елдердің (Emerging Development Partners) үшінші отырысын және дамуға ресми көмек саласындағы техникалық семинардың дайындық мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1259587?lang=ru