Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойын мерекелеудің екінші күні Әйет ауылының орталық алаңында өткен «Туған күніңмен, ауданым!» атты мерекелік концертпен басталды.
17.07.2026 16:49:25 212
Концерттік бағдарлама аудан тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, үлкен мерекенің ерекше атмосферасын сыйлады. Сахна төрінен Отанға, туған жерге, достық пен бірлікке арналған әндер шырқалып, аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары көрермендерге әсерлі вокалдық және хореографиялық қойылымдарын тарту етті.
Көрермендер әрбір өнер көрсетілімін ыстық ықыласпен қабылдап, көтеріңкі көңіл күймен қолдау білдірді. Мерекелік концерт туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел бірлігін айшықтай түсті.
Концерттік бағдарламадан кейін мереке «Happy Kids» балалар ойын-сауық бағдарламасымен жалғасын тапты. Балғын бүлдіршіндерге арналған қызықты ойындар, байқаулар мен көтеріңкі көңіл күй мерекенің сәнін келтірді.
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Бұл айтулы мереке туған өлкенің тарихын, жетістіктері мен еңбекқор халқына деген мақтаныш сезімін одан әрі нығайта түсуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259777?lang=ru