Қаланың Бас жоспарын түзету мәселелері бойынша жұмыс кеңестері өтті
17.07.2026 18:17:27 218
Бүгін Қостанай қаласының Бас жоспарын түзету аясында бірқатар жұмыс кеңестері өткізілді.
Облыс орталығының басты қала құрылысы құжатын әзірлеуді жүзеге асырып жатқан «НИПИ Астанагенплан» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, қала аумағына көшпелі зерделеу жүргізілді. Сапар барысында шешім қабылдауды және жан-жақты пысықтауды қажет ететін нысандар, оның ішінде көлік инфрақұрылымы саласындағы объектілер аралап шығылды.
Аралау қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының, құрылыс салушылардың, бизнес өкілдерінің, коммуналдық қызметтердің және мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтіп, онда қаланың одан әрі дамуына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Мұндай жұмыс форматы тұрақты негізде жүргізілетін болады. Бас жоспарды түзету — Қостанайның дамуы үшін маңызды кезең. Бұл құжат экономиканың және бизнестің дамуына, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1259939?lang=ru