Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасының, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті
17.07.2026 18:42:12 283
Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту елорда экономикасының өсіміне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Астанада ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, шағын және орта бизнес қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен инвесторлар жедел шешуді қажет ететін әкімшілік кедергілерге әлі де тап болып келеді.
Кездесу барысында кәсіпкерлер мен инвесторлар аудан аумағында жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді тікелей көтерді. Мұндай ашық диалог қолданыстағы проблемаларды анықтауға ғана емес, оларды бірлесіп шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлиннің айтуынша, бизнестің құқықтарын қорғау Палата қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Палата кәсіпкерлердің өтініштерін тұрақты түрде қарап, жүйелі мәселелерге талдау жүргізеді, ал ең өзекті сұрақтар Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің қарауына шығарылады.
Қабылданған барлық шешімдер хаттамаға енгізілді. Алдағы уақытта оларды уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтау жалғасады. Түскен әрбір өтініш нақты нәтижеге қол жеткізілгенге дейін прокуратура органдарымен бірлесіп бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1259984?lang=ru