Сербия Президенті Александр Вучич Елші Мәди Атамқұловты қабылдады

Сербия Президенті Александр Вучич Елші Мәди Атамқұловты қабылдады

18.07.2026 09:05:59 243

Белград, 2026 жылғы 17 шілде – Сербия Президенті Александр Вучич Елші Мәди Атамқұловтың дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Кездесу барысында Сербия басшысы Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағат білдіріп, Белградтың Астанамен көпқырлы әріптестікті одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі екенін растады.

Президент А.Вучич Қазақстан Президенті жүргізіп отырған саясатқа және оның жоғары кәсібилігіне ерекше құрмет білдіріп, елімізде жүзеге асырылған тарихи конституциялық реформаларды, сондай-ақ, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік салалардағы үлгілі жетістіктерді атап өтті.

А.Вучич соңғы жылдары Қазақстан мен Сербия арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтерілгенін атап, Елші М.Атамқұловтың екі ел арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы дәйекті еңбегіне жоғары баға берді.

Президент алдағы уақытта да Қазақстан мен Сербия арасындағы қатынастардың оң серпіні сақталады деген сенім білдірді. Екі ел мемлекет басшыларымен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға, оның ішінде «Қазақстан» қонақ үй кешенінің құрылысына тоқталған А.Вучич олардың орындалуын жеке бақылауында ұстап отырғанын хабарлады.

Өз кезегінде Елші М.Атамқұлов Сербия Президентіне Қазақстанмен көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстанның Белградтағы дипломатиялық өкілдігінің қызметіне тұрақты қолдау көрсетіп, ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1260064?lang=ru