Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

20.07.2026 15:05:35 364

 Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді артық (қате) төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу (қайтару) тәртібі туралы хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде өтініште көрсетілген банк шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.

Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдерді бюджетке қайтаруды жеке шоттар жүргізілетін орны бойынша Мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді қайтаруды (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) оларды төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы жүргізеді.

«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі «e-Otinish» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы ұсынылмайтынына назар аударамыз.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын уақтылы қайтару мақсатында белгіленген нысан бойынша салық өтініштерін мынадай тәсілдердің бірімен беру қажет:

 - қағаз жеткізгіште — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы;

 - электрондық түрде – цифрлық үкіметтің веб-порталы eGov.kz немесе «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшалары арқылы.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін жүгінген кезде көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1260822?lang=ru