Жаңақима ауылдық округінің әкімі сайланды

Жаңақима ауылдық округінің әкімі сайланды

20.07.2026 17:06:12 271

Сайлаушылардың келуі 76,45 % немесе 1107 сайлаушыны құрады (жалпы сайлаушылар саны – 1448).
Дауыс беру нәтижесі бойынша Жаңақима ауылдық округінің әкімі болып Қайыржан Әнес Саятұлы сайланды.
2026 жылғы 20 шілдедегі АСК шешімімен Қайыржан Анес Саятұлы Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Әнес Саятұлы, 1984 жылы 1 қарашада Жақсы ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген, білімі жоғары: 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы сәуірге дейін Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маман болып жұмыс істеді.
2008 жылғы қазан мен 2017 жылғы тамыз аралығында Ақмола облысының сот жүйесінде жұмыс істеді, онда сот приставы, Атбасар аудандық сотының сот отырысының бас маманы-хатшысы, Жақсы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі және Атбасар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2018 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қарашасына дейін Атбасар ауданының құрылыс бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қараша айынан 2022 жылдың желтоқсан айына дейін Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы қарашаға дейін Атбасар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың мамырына дейін Атбасар қаласының әкімі қызметін атқарды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1260605?lang=ru