Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІМАД Комитет өкілдерінің қатысуымен семинар өтті
21.07.2026 09:51:38 316
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының нормалары, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидалары мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген Әдеп кодексінің талаптары кеңінен қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1260947?lang=ru