Жалпыға бірдей декларациялау: 2026 жылы 270.00-нысан туралы не білу қажет
21.07.2026 15:56:07 307
Құрметті азаматтар!
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі аясында азаматтардың жекелеген санаттары 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті екенін еске салады.
2026 жылы декларация 2025 есепті жыл үшін тапсырылады. Декларацияны ұсыну мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
270.00 нысанын ұсыну міндеті:
- мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
- жарғылық капиталдағы үлесі 10%-дан асатын заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары);- жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар;- дербес салық салуға жататын табыс алған жеке тұлғалар;- шетелдік банктердегі шоттарда қаражат ұстайтын тұлғалар (егер олардың жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын болса);- цифрлық активтерді иеленуші тұлғалар;- Есепті салық кезеңінде жалпы құны айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті (соның ішінде ҚР тыс жерлерде) сатып алған тұлғалар.- Салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер
Қазақстанда және шетелде орналасқан табыстар мен мүлік:
- өз бетінше салық салынатын табыстар
- мөлшері 1000 АЕК-тен асатын шетелдік банк шоттары туралы ақпарат
- шетелдегі жылжымайтын мүлік
- шетелдік компаниялардағы бағалы қағаздар мен үлестік қатысу үлестері;
- цифрлық активтер
- белгілі бір жағдайлардағы қарыздар мен міндеттемелер туралы ақпарат
Декларацияны тапсыру тәсілдері
Электроды түрде:
- «Салық төлеуші кабинеті»
- «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
- мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалар
Қағаз түрінде:
- мемлекеттік кірістер органдарына барып;
- ХҚКО арқылы;
- тапсырыс хатпен пошта арқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1261257?lang=ru