Аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

Аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

21.07.2026 18:01:59 445

Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасары А.С.Тукжанов, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері  Бөрлі ауданының Кеңтүбек және Жарсуат ауылдық округі әкімдерінің  атқарған жұмыстары мен көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы  баяндамаларды тыңдап, талқылады.

  Отырыста  «Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 820 «Бөрлі ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы, «Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №9 «Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы қаралып, ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1261408?lang=ru