Астанада Қазақстан мен АҚШ сарапшыларының есірткі мен химиялық прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесуі өтуде
21.07.2026 18:56:56 3872026 жылғы 21-24 шілде аралығында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталығында АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) мен АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) өкілдерімен бірқатар кездесулер мен консультациялар өтуде.
Қазақстан тарапынан жұмысқа Бас прокуратураның, құқық қорғау, арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда.
Кездесудің негізгі мақсаты екіжақты ынтымақтастықты нығайту және есірткінің, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және талдамалық қызметті жетілдіру саласындағы озық халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады.
Қатысушыларға Бас Прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов, Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов, АҚШ Стамбул қаласындағы Есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) кеңсесінің басшысы Натаниэль Клементсон, АҚШ Кедендік және шекаралық бақылау қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының жедел қызметінің (CBP) басшысы Кип Шмидт сөз сөйледі (SVR).
Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді.
Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды.
Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлар айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Өз кезегінде, АҚШ делегациясының өкілдері есірткі, химиялық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, АҚШ Кедендік және шекаралық бақылау қызметінің Ұлттық таргетинг орталығының жұмысын таныстырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында әлемдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, химиялық прекурсорлардың қозғалысына мониторинг жүргізу мен бақылаудың заманауи тәсілдері, оларды есірткі заттарын заңсыз өндіру үшін пайдаланудың алдын алу тетіктері, тәуекел бейіндерін әзірлеу және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану әдістемелері, жедел деректер негізінде таргетингтің, деректерді талдаудың және ведомствоаралық ақпарат алмасудың заманауи әдістері, талдамалық құралдарды одан әрі дамыту перспективалары мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың талдамалық әлеуетін дамытуға және Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың қызметіне үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.
Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға, кәсіптік тәжірибе алмасуды кеңейтуге және есірткі қылмысына, химиялық құралдар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1261498?lang=ru