Қазақстан Елшісі Корея Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Корея Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

22.07.2026 16:20:58 311

Сеул, 2026 жылғы 22 шілде – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёнге сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсім барысында Елші А. Исенали Президент Ли Чжэ Мёнге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Тараптар достық пен өзара қолдауға негізделген қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық әріптестігінің жоғары деңгейін атап өтті.

Саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілік расталды.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына алдағы сапарына және оның қыркүйек айында Сеул қаласында өтетін алғашқы «Орталық Азия - Корея Республикасы» Саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды.

А. Исенали жоспарланған жоғары деңгейдегі келіссөздер Астана мен Сеул арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.

Президент Ли Чжэ Мён Елші А.Исеналиді дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі және екі ел арасындағы достық қатынастар мен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1261851?lang=ru