Заманауи спорт алаңы – оқушыларға жаңа мүмкіндіктер!
22.07.2026 16:52:24 378
Мемлекет басшысының заманауи әрі қауіпсіз білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Бейімбет Майлин ауданында балалардың білім алуына, тәрбиеленуіне және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте спорт алаңын жаңарту жұмыстары аяқталды. Жөндеу барысында ескі тартан жабыны мен жарамсыз асфальт-бетон негізі толықтай алынып, жаңа асфальт негізі төселді және қалыңдығы 10 мм болатын заманауи резеңке үгіндісінен жасалған жабын орнатылды.
Сонымен қатар, баспалдақ сатылары жөнделіп, бетондау жұмыстары жүргізілді. Баскетбол құрылғылары, футбол қақпалары, баскетбол қалқандары, торымен бірге волейбол тіректері орнатылып, қажетті қосымша бетондау жұмыстары толық аяқталды.
✨ Жаңартылған спорт алаңы оқушылардың дене шынықтырумен қауіпсіз айналысуына, жаттығу өткізуіне, спорттық жарыстар ұйымдастыруына және денсаулығын нығайтуына мүмкіндік береді. Заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту – өскелең ұрпақтың белсенді, салауатты әрі табысты болашағына салынған маңызды инвестиция.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1261907?lang=ru