Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау

Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау

24.07.2026 12:26:36 233

       Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылауды салық органы тәуекелі жоғары электрондық шот-фактуралардың жазып берілуінің жолын кесу мақсатында жүргізеді.
Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау:
электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау (автоматтандырылған бақылау);
электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін салыстырмалы бақылау (салыстырмалы бақылау) нысанында жүргізіледі.
Ескертпе: Салықтық тәуекел – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалмауының ықтималдығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1263148?lang=ru