Бюджетке артық төленген салықтар мен төлемдер сомаларын есепке жатқызу және қайтару тәртібі

Бюджетке артық төленген салықтар мен төлемдер сомаларын есепке жатқызу және қайтару тәртібі

24.07.2026 18:21:50 277

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда) және өсімпұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютада:

 1) салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;
  2) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

 Салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
1) артық төленген сома түзілген және төлеу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін  төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу;
2) мынадай:
артық төленген сома түзілген салық, бюджетке төленетін төлем түрі бойынша;
салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша өсімпұлды өтеу;
4) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1263509?lang=ru