Ақтөбе делегациясы Омбыда өтіп жатқан Қазақстан-Ресей форумына қатысуда
27.07.2026 14:11:14 305
Ақтөбе делегациясы Омбыда өтіп жатқан Қазақстан-Ресей форумына қатысуда
Омбы қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың XXII форумы аясында «Жастар ынтымақтастығы: жастар бастамалары мен жастар кәсіпкерлігін қолдау» тақырыбындағы Қазақстан–Ресей жастар форумы өтуде.
Аталған алаң екі елдің мемлекеттік органдары, салалық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және қоғамдық бірлестіктер көшбасшыларының өкілдерін біріктірді.
Ақтөбе облысының атынан форумға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев қатысып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1264034?lang=ru