Сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты eGov.kz порталында және eGov mobile қосымшасында алуға болады.
31.07.2026 15:47:05 250
Қызметтің көмегімен пайдаланушылар сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы/болмауы туралы анықтама ала алады. Мұндай ақпарат азаматтық қызметке орналасу кезінде немесе квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде қажет.
📌Аталған қызмет түрі eGov mobile мобильді қосымшасының «Қызметтер» - «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» - «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» бөлімінде колжетімді.
Мәліметтер eGov mobile-да «Хабарландырулар» бөліміне жіберіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1266743?lang=ru